Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Трамп әлі сайлаудағы дауысты өз пайдасына шешуді сұрап жүр

"Олардың не істегенін білесіздер және мұны хабарламайсыздар. Бұл - қылмыс. Сіз бұған жол бере алмайсыз..." – деп ескертті ол Джорджияның мемлекеттік хатшысына.

Трамп әлі сайлаудағы дауысты өз пайдасына шешуді сұрап жүр
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Джорджияның мемлекеттік хатшысы Брэд Раффенспергерді сайлаудағы дауыстарды өз пайдасына есептеуге шақырды, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Трамптың әңгімесі таспаға жазылған және оны Washington Post жариялады.

Трамп мемлекеттік хатшының заң жөніндегі кеңесшісі Райан Джермени туралы да айтты. Әңгімені тыңдағанда, оның тағы да Раффенспергерге заңбұзушылықтар туралы айтып, қатты сынға алғаны белгілі болды.

"Олардың не істегенін білесіздер және мұны хабарламайсыздар. Бұл - қылмыс. Сіз бұған жол бере алмайсыз. Сіз үшін де, заңгеріңіз Райан үшін де үлкен тәуекел болып тұр", - деді Трамп.