Ол қайтыс болғанға дейін коронавирус жұқтырып, "қызыл аймақта" жатқан.
"Адам-балық" фильмінде бас кейіпкер Ихтиандрдың рөлін сомдаған актер Владимир Коренев 81 жасында коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, Газета.ru-ға сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, ол қайтыс болғанға дейін коронавирус жұқтырып, "қызыл аймақта" жатқан.
Айта кетсек, Владимир Коренев - кеңестік және ресейлік актер. 1940 жылы Севастопольде дүниеге келген. Ресей театр өнері институтын тәмамдаған. Оқудың соңғы курсында режиссер Владимир Чеботаревтің "Адам-балық" фильміне түсіп, сол арқылы танымал болған. Кейінірек ол Станиславский атындағы Мәскеу драма театрында (қазіргі Станиславский электротеатры) өнер көрсеткен. Актер "Свет далекой звезды", "Дети Дон-Кихота", "Сыны Отечества" және басқа да фильмдерде ойнаған.