Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бүгін әлемдегі ең қарт адам туған күнін атап өтті

Пандемияға байланысты кейуана туыстарымен кездесіп жүрген жоқ. Туған күн иесін өзі тұрып жатқан Қарттар үйінің қызметкерлері құттықтады.

Бүгін әлемдегі ең қарт адам туған күнін атап өтті
фото: smalljoys.tv

Ең қарт адам саналатын жапондық әйел Канэ Танака 118 жасын тойлады, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Пандемияға байланысты кейуана туыстарымен кездесіп жүрген жоқ. Туған күн иесін өзі тұрып жатқан Қарттар үйінің қызметкерлері құттықтады.

2020 жылдың 19 қыркүйегінде Канэ Танака тарихтағы ең қарт жапон тұрғыны болды. Бұған дейін жапондықтардың ұзақ өмір сүру рекордын Наби Тадзима ұстаған. Ол 2018 жылдың сәуірінде 117 жас, 260 күнде қайтыс болды.

Канэнің немересі, 60 жастағы Эидзи Танакидің айтуынша, оның дені сау және жақсы өмір сүріп жатыр. Әйел өзінің жаңа рекордын "сүйікті сусын" деп санайтын Coca-Cola-мен атап өтті. Канэ Танака 1903 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Оны растайтын көптеген құжаттық дәлел бар.

Тағы оқи отырыңыз: Биыл әйелдер зейнетке 60 жасында шығатын болды

Ұзақ өмір сүрудің әлемдік рекорды 1997 жылы тамызда 122 жас, 164 күнде қайтыс болған француз әйел Жанна Кальманға тиесілі. Бірақ зерттеушілер оның жасына күмән келтіруде.