Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Эквадорда жерлеу рәсімі кезінде «тіріліп кеткен» әйел қайтыс болды

Эквадорда жерлеу рәсімі кезінде табыт ішінде оянған әйел бірнеше күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.

Эквадорда жерлеу рәсімі кезінде «тіріліп кеткен» әйел қайтыс болды
Фото: bbc.com

Оқиға 9 маусымда болған еді. Эквадордағы ауруханада қайтыс болды деп жарияланған Белла Монтойя өзінің жерлеу рәсімі кезінде табыттың қақпағын қағып, жиналған жұртты таңғалдырған болатын.

Белгілі болғандай, дәрігер 76 жастағы әйелді өлді деп қате көрсеткен. Ол шұғыл түрде реанимацияға жатқызылады. Алайда жеті күн реанимацияда болғаннан кейін Эквадор денсаулық сақтау министрлігі әйелдің 16 маусымда ишемиялық инсульттан қайтыс болғанын растады. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханада болған кезде оның тұрақты бақылауда болғанын айтты.

«Бұл жолы менің анам шынымен қайтыс болды. Енді өмірім ешқашан бұрынғыдай болмайды», - деді оның ұлы Гилберто Барбера.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, әйел бастапқыда жеткізілген көпшілік зиратқа жерленген.

Эквадор денсаулық сақтау министрлігі оқиғаға қатысы бар медициналық қызметкерлерді тексеріп жатыр.