Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

39 жастағы әйел Аяз атаға хат жазып, күйеу мен пәтер "сұрап алды"

"Мен Аяз атаға сенемін. Сондықтан тілектерім ұдайы орындалады", - дейді ол.

39 жастағы әйел Аяз атаға хат жазып, күйеу мен пәтер "сұрап алды"
фото: lenta.ru

Ресейдің Тверь қаласының тұрғыны Юлия Дорохова күйеу мен пәтер сұрап, Аяз атаға хат жазған. Бір қызығы, тілегі дереу қабыл болыпты, деп жазды paryz.kz, nege.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы хатын ол 2015 жылы жазған көрінеді. Онда жеке өміріне көңілі толмайтынын, келесі жаңа жылды сүйіктісімен бірге Мысырда өткізгісі келетінін айтқан. Наурыз айында танысу сайтында Мысырдың астанасы Қайыр қаласынан бір жігіт хат жазыпты. Бір ай сөйлесіп жүріп, бірін-бірі ұнатып қалған. Сосын Юлия ұшаққа билет алып, жігітіне ұшып барған. Көп ұзамай екеуі үйленіп, Жаңа жылды Мысырда қарсы алған. Тоғыз айдан соң қызды болған. Мысырдың астанасында кәсіп те ашқан.

2019 жылы отбасымен Ресейге көшіп келіпті. Тверьдегі екі бөлмелі үйі тарлық еткен соң, Юлия тағы да Аяз атаға арызданып, кең үй сұрап хат жазған. Тіпті, үйдің шаршы метрінің, асханасының, терезелерінің қандай болуы керек екенін де жіпке тізіп жазыпты. Бір айдан соң ескі үйін сатып, өзі қалағандай пәтерге қол жеткізген.

"Мен Аяз атаға сенемін. Сондықтан тілектерім ұдайы орындалады", – дейді Юлия Дорохова.