Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Таиландта 9 қазақстандық отырған катер апатқа ұшырады

Таиландтың Пхукет аралының жағалауында асқан жылдамдықпен жүретін катердің апатқа ұшырау салдарынан 30 шақты шетелдік турист зардап шекті, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Таиландта 9 қазақстандық отырған катер апатқа ұшырады
© facebook.com/phuketinfocenter

Жалпы қайықта тай елінің төрт азаматы, 21 ресейлік, тоғыз қазақстандық, Қытайдың екі азаматы және бір украиналық болған.

Катерде 33 шетелдік турист пен төрт экипаж мүшесі отырған, олар сәрсенбіде түстен кейін көрші аралдардан Пхукетке қайтып келе жатқан. Жағаға таяғанда Чалонг бухтасының пирсына 100 метр қалғанда катер теңізде ескерту мұнарасы ретінде орнатылған бетонды конструкцияға соқтығысты.

Апат салдарынан алты адам (4 ресейлік және екі тай елінен) ауыр жарақат алған, ал 13 адам - орта деңгейде жарақат алған. 18 адам - жеңіл жарақат алған. Қазақстанның бір азаматы және жергілікті тұрғын жарақаттан аман қалған.

"Барлық зардап шеккендер Пхукеттің ең мықты ауруханасына жеткізілді. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, апатқа катер капитанының салғырттығы себеп болуы мүмкін", - дейді полицейлер.

Сәрсенбіде кешкі уақытта Пхукет провинциясының әкімшілік науқастарға барды. Сондай-ақ әкімшілік өкілдері апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың елінің елшілерімен хабарласқан.