Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

АҚШ пен Израиль бөгде ғаламшарлықтармен байланыста екен

"Трамп бөгде ғаламшарлықтар туралы жарияламақ болды, бірақ галактикалық федерациядағы келімсектер күте тұруды және алдымен адамдардың тынышталуын сұрап отыр", - дейді Эшед.

АҚШ пен Израиль бөгде ғаламшарлықтармен байланыста екен
фото: fakty.com.ua

Израильдің ғарыш қауіпсіздігі бойынша бұрынғы басшысы АҚШ пен Израиль бөгде ғаламшарлықтармен байланыста екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бөгде ғаламшарлықтар туралы біледі, бірақ, оны ашық жарияламауға келіскен, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Израильдің ғарыш қауіпсіздігінің бұрынғы басшысы Хайм Эшед жергілікті Yediot Aharonot газетіне берген сұхбатында

"Белгісіз ұшатын нысандар өздерінің осында екендерін жарияламауды сұрады, (оларға) адамзат әлі дайын емес", - деп сұхбат берген.

Сұхбат кейін ағылшын тілінде Daily Post газетінде жарияланды. Зейнеттегі офицер келімсектер адамзатқа қызығушылық танытып, "ғаламның тінін" түсінуге ұмтылатынын алға тартты. Ол тағы бұл туралы АҚШ президенті де білетінін айтты. Израильдің ғарыш қауіпсіздігі бағдарламасын 30 жылға жуық басқарған Эшед келімсектердің галактикалық федерациясы бар екенін айтты және "олардың АҚШ-пен ынтымақтастығы Марстағы жасырын жерасты базасын қамтитынын" мәлімдеді.

"Трамп бөгде ғаламшарлықтар туралы жарияламақ болды, бірақ галактикалық федерациядағы келімсектер күте тұруды және алдымен адамдардың тынышталуын сұрап отыр. Бөгде ғаламшарлықтар жаппай истерияны бастағысы келмейді. Олар алдымен біздің түсінуімізді күтеді", - дейді бұрынғы басшы.

Эшед келімсектердің істерін құпия ұстауға келісім жасасқанын айтты.

"Олар адамзаттың дамып, ғарыш пен ғарыш кемесінің не екенін түсінетін кезеңге жетуін күтті", – дейді ол.