Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Коронавирус күшіне мінеді" - Билл Гейтс

"Бірақ адамдар вакцинациядан қашып жатыр. Ғылымнан неге қорқатынын түсінбеймін" деп жазды ол.

"Коронавирус күшіне мінеді" - Билл Гейтс
фото: ашық дереккөз

Миллиардер Билл Гейтс өзінің жеке блогында осы жылды қорытындылап, келер жылға болжам жасады, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, қиындықтан әлі шыққан жоқпыз", - деп мәлімдеген миллиардер, алдағы айларда пандемия күшейетінін айтады. Компютерлік модельге сүйенген ол, маска тағу мен арақашықтық сақтаудың маңызы зор екенін сөз етті.

"2021 жылы коронавирус жұқтырғандар мен одан көз жұматындардың саны біршама азаяды. Өйткені көктемде вакцинация жасау басталады. Бірақ адамдар вакцинациядан қашып жатыр. Ғылымнан неге қорқатынын түсінбеймін", - деп жазды ол.