Тылсым құбылыстың куәсі болып, зәрелері ұшты. Тапа-тал түсте қаланы қара түнек басып, жергілікті халықты әуре-сарсаңға түсірген, деп хабарлайды Paryz.kz Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Аталмыш видео желі қолданушылары арасында тарап кетті. Бейнежазба авторы бұл құбылысты табиғатпен байланыстарған. Онда ол:
«Түркиядағы Ыстамбұл қаласын бес минут бойы үлкен қара бұлт жапты. Бұлт қатты жаңбырдан кейін пайда болды. Қара бұлттар көбінесе үлкен кристалдар мен тамшылардан тұрады, сондықтан күн сәулелері олар арқылы өте алмайды. Бес минуттан соң күн қайта ашылды. Тұрғындар қатты қорыққандарын айтады», - деп жазған.
Десе де халық оны Алланың қаһары, жын-шайтандардың жерге түскен сәті деп болжаған.
«Алланың кахары болмасын соңғы кездері түсініксіз жайттар көбейіп кетті Түркияда», «Алла сақтасын менде қорқып кеттім ақыр заман басталып кетті ма деп», «Күлетін нәрсе емес бұның бәрі Алланың сынағы» деп жазды олар.