Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Басын кесіп тастаған»: Келінін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Өзбекстанда келінін айуандықпен өлтірген 64 жастағы ер адам 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Басын кесіп тастаған»: Келінін айуандықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Фото: Azattyq Ruhy.

Ферғана облысының аудандық соты облыстың 64 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды. Ол «Ауырлататын мән-жайлармен қасақана кісі өлтіру» және «Қабірді қорлау» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Rodrobno.uz қоғам қайраткерлеріне сілтеме жасап.

Іс материалында көрсетілгендей, жантүршігерлік оқиға өткен жылдың қазан айында ер адам жанжалдасып, келінін соққыға жыққан. Жас келіншек есінен танып қалған, содан кейін қайын атасы оны көлікке отырғызып, тау етегіне алып кеткен.

Сол жерде ол келінінің басын асхана пышағымен кесіп, мәйітті қоқыс төгетін жерге лақтырып жіберген. Зейнеткер мәйіттің кесілген бөлігін сөмкеге салып, жол жиегіне іліп кеткен.