Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Түркияда жер сілкінісінен 49 күн өткенде үйінді астынан мысық аман табылды

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінісінен 49 күн өткеннен кейін үйінді астынан "Хан" атты мысық аман шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркияда жер сілкінісінен 49 күн өткенде үйінді астынан мысық аман табылды
Сурет: Nur.kz

Басылымның жазуынша, 6 ақпанда жер сілкінісі болған кезде туристік бизнеспен айналысатын 36 жастағы Нина Дина қызы Нил Берил Ташгетирен және 2 жасар "Хан" атты мысығымен бірге үйде болған. Бірінші жер сілкінісі болған кезде Дина қызын алып үйден шығып үлгерген. Алайда екінші жер сілкінісі кезінде үйіндіге айналған 11 қабатты ғимараттан мысықты табу оңай болмапты. Дегенмен Нида Дина қиранды маңында 40 күнге жуық мысығын күткен. Қуанышқа орай, "Хан" жер сілкінісінен 49 күн өткен соң тірі табылған. Басылымның ақпаратынша, мысықтың аяғы сынып, жүре алмаған. Қазір үй жануарына ем-дом жасалуда. "Мысығымды таптым. Бұл біз үшін ғажайып оқиған. Мен соңына дейін үмітімді үзбедім. Ол үнемі менімен ұйықтайтын. Оны қирандыларды аршып жатқан экскаватор жүргізушісі мен ғимарат иесі ас үйдегі кілемнен тауыпты. Кейін біз оны ветеринарға апардық. Жағдайы нашар, ішкі органдарын тексеріп жатыр. Ем-домы жалғасуда. Оның денсаулығы қалпына келеді деп үміттенемін", - дейді Нида Дина.

Еске сала кетсек, Түркияда ақпан айының басында жойқын жер сілкіністері тіркеліп, салдарынан мыңдаған ғимарат үйіндіге айналды. Табиғи апаттан көз жұмғандар саны соңғы мәліметтер бойынша 48 мыңға жуықтаған.