Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Трамп әскери күш қолданып, сайлауды қайта өткізуді сұраған

"Егер ол қаласа, әскери мүмкіндіктерге ие бола алады және қарулы күштерді сол штаттарға орналастырып, негізінен сол штаттарда сайлау өткізе алады..."

Трамп әскери күш қолданып, сайлауды қайта өткізуді сұраған
фото: ашық дереккөз

Нью-Йорк Таймс ақпаратына сәйкеc, Дональд Трамп өзінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинннен АҚШ-тағы сайлау нәтижесін жою үшін әскери күш қолдануды сұраған, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл ретте, Флинн де Newsmax ақпарат агенттігіне президенттің әскери жағдай енгізіп, сайлауды қайта өткізуге әскери күштерін жұмылдыруы керектігін ескерткен сұхбат берді.

"Егер ол қаласа, әскери мүмкіндіктерге ие бола алады және қарулы күштерді сол штаттарға орналастырып, негізінен сол штаттарда сайлау өткізе алады. Онда әскери жағдайдың заңы туралы айтып жүрген адамдар бар. Соғыс жағдайы 64 рет енгізілген", - деді Флинн.