Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 19:14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді
Сурет: Югополис

"Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 828 шақырым жерде, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.0. MPV магнитудасы – 5.2. Эпиорталық координаттары – 37.09° с.е. және 71.37° ш.б. Тереңдігі - 100 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.