Шаңғы акробтикасынан 2021 жылғы әлем чемпионы Павел Кротов көз жұмды. Бұл туралы Ресей фристайл федерациясының желідегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Әзірге Кротовтың неден қайтыс болғаны туралы нақты мәлімет айтылған жоқ. Ол 30 жасында о дүниелік болған. Фристайл федерациясы спортшының отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты. Федерация өкілдері Павелдің батыл әрі мейірімді адам болғанын жазды. Кротов командалық акробатикадан 2021 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол әлем чемпионаты мен әлем кубогі кезеңдерінен жүлде алған. Ресей құрамасының сапында 2014 және 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысып, Кореядағы ойында төртінші орынға табан тіреген.