Наурыз мейрамы Киевте орнатылған қазақтың киіз үйлерінде тойланды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Орда сайтына сілтеме жасап.
Киіз үйлердің жанында оркестр ойнап, мерекеге қатысқан Украина астанасының мэрі Виталий Кличко құттықтау сөз сөйледі. Ол Қазақстанға украин халқына көмектескені үшін алғыс айтып, барша жұртты мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ Кличко Киевтегі 50 мыңнан аса украиндықтың киіз үйді аралап, қазақ мәдениетімен танысқанын атап өтті. Ол киіз үй Қазақстанға жер аударылып, Арал теңізін зерттеген капитан Бутаковтың атақты экспедициясына қатысқан Тарас Шевченко атындағы саябақта орналасқан.