Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Дәрігерлер коронавирустан емдеу үшін жылқының антиденелерін пайдаланады

Коста-Рикада жылқының антиденелерінің көмегімен коронавирусты емдеу тәсілін сынақтан өткізіп көрмекші, деп жазды sputniknews.kz.

Дәрігерлер коронавирустан емдеу үшін жылқының антиденелерін пайдаланады
сурет matritca.kz сайтынан

Агенттіктің хабарлауынша, Клодомиро Пикадо  институтында арнайы препаратты дайындап қойды. Ғалымдар алдымен SARS-CoV-2 вирусын жылқыларға салған. Жануарлар ауырып шыққаннан кейін ағзасында антиденелер пайда болды. Соның негізінде дәрі-дәрмек жасалды. 

"Қыркүйектің ортасында біз осы дәріні 26 пациентке салып, препаратты сынақтан өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді осы елдің әлеуметтік сақтандыру қорының президенті Роман Макая.   

Зерттеудің екінші кезеңі сәтті өтсе, жергілікті билік жаңа препаратты ауруханаларда кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

"Вакцина барлығына бірдей қолжетімді болмай тұрғанда осы өнім біраз адамның өмірін сақтай алады деген сенім бар. Біреумен жарысудың немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ, ондай жағдай вакцина саласында анық байқалады. Біз болсақ, ешкімді күтпей-ақ, өз күш-жігерімізді тиімді пайдалана аламыз", - дейді ICP-дағы жобаның үйлестірушісі Альберто Алапе.

Осыған ұқсас зерттеулер Аргентина мен Бразилияда жүргізіліп жатыр. Коста-Рика барлық зерттеуден кейін коронавирусты емдеудің арзан тәсілімен Орталық Америка елдерімен бөлісуге дайын.