Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Бәріне стрессті кінәлап отырмын» - Дариға Бадықова ауырып қалды

Қалың көпшілікке “Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танылған Дариға Бадықова денсаулығы нашарлағанын айтып, шағымданды. Өнер иесі айналасындағы кей адамдардың денсаулығын тексертіп, дәрігерге қаралуға мүмкіндік бермейтінін айтады.

«Бәріне стрессті кінәлап отырмын» - Дариға Бадықова ауырып қалды
фото: әлеуметтік желіден

“Денсаулық құлағыма сыбырлай береді. Сырын білдіріп, айтып жатыр. Бәріне стрессті кінәлап отырмын. Жанталас көбейіп кетті. Кей адамдар дәрігерге қаралуға мүмкіндік бермейді. “Есегім судан өтіп алсыншы” дейді. Көңілдеріне қарап қаламын. Бүгін тұрып өзіме: “Ешкімнің көңіліне қарама, етегі жасқа толғанды тыңдама. “Осы ісіме көмектесіп жіберші” дегендерге “Жағдайың менікінен жақсы. Көмек сұрай бермеші” деп айт”, – деп ішкі сырымен бөлісті актриса.

Ол өзіне өтінішпен келетіндерден шаршағанын айтып, енді тек өзіне пайдалы іспен айналысатын боп шешті.

“Енді өзіме пайдасы болса ғана істеймін деген ойға келдім. “Мынандай жұмыс бар еді, ақшасы осындай деген кісілер хабарласпаңыздаршы. Оның өзі стресс”, – деп өтініш білдірді Дариға.