Беларусь президенті Александр Лукашенко «Қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша кодекстерді өзгерту туралы» Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап.
Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.
«Бұл ретте лауазымды адам немесе әскери қызметшіге мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін», — делінген хабарламада.