Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Ота жасалған": Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық қыз елге оралды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Түркияда құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадиярова туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Ота жасалған": Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық қыз елге оралды
Сурет: Nur.kz

 Айбек Смадияров Сабина Мамадиярова ауруханада жатқанда онымен үнемі байланыста болғанын айтты.

"Оның жанында туыстары болды. Ол Қазақстанға оралды. Бірақ ол өзін мазаламауды өтінді. Сабина қандай да бір түсініктеме беруді қаламайды. Әрине, Анталия – Алматы рейсіне көмектестік", – деп қосты ол. Еске салсақ, 8 ақпанда Хатай провинциясының Антакия қаласында іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түркияның Төтенше жағдайлар министрлігі қираған үйден Қазақстан азаматы Сабина Мамадиярованы алып шыққан еді. Сол кезде хабарланғандай, Сабинаның қолы сынған. Кейін оның жарақат алған қолына ота жасалғаны белгілі болды.