TikTok жаңа функцияны жақын арада енгізбек деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды.
Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді.
Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.