Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«10 балдық жер сілкінісі». Көріпкел 2023 жылға 5 қорқынышты болжам жасады

Өткен жыл бізді қазіргі сәтпен өмір сүруге үйретті және жағдай кез келген уақытта түбегейлі өзгеруі мүмкін екенін көрсетті. Қазір өзгерістерге жылдам бейімделу маңызды. Жаңа әлем қандай болмақ? Бұл сұрақ көпшілікті мазалайды. Астролог, таролог және көріпкелдер болжам жасап жатады. Айтыына есімді якутиялық көріпкел Woman.ru сайтына 2023 жылға арналған өз болжамын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«10 балдық жер сілкінісі». Көріпкел 2023 жылға 5 қорқынышты болжам жасады
Фото: 9111.ru

"Өкінішке қарай, 2023 жыл позитивті жағдайларға толы емес. Біріншіден, мен 10 балдық жер сілкінісін көріп тұрмын. Ол, тіпті, бізде - Якутияда болады", - дейді әйел.

Түркиядағы жағдайдан кейін бірінші болжамға "мүмкін емес" деп айта алмаймыз. Әйелдің айтуынша, мұндай жер тербелістері мәңгі тоңуға тікелей әсер береді.

"Егер мәңгі тоңу линзалары бұзылса, ол қорқынышты экологиялық апатқа әкеледі. Жерге бұрын болмаған суық келеді", - деп түсіндірді Айтыына.

Көріпкелдің айтуынша, жер дүмпулері судың көтерілуін де ынталандыруы мүмкін.

"Мен әлем бойынша бірнеше жерден үлкен су басуды көріп тұрмын", - дейді әйел.

Оттек нағыз байлыққа айналады. Көріпкел адамзат таза ауа жетіспеушілігін сезінетінін айтты.

"Адамдар арасында табиғатқа және бір-біріне деген ашу, менменшілдік, өзімшілдік, агрессия көп. Таза ауа тек Якутияда сақталады. Арктиканың, Солтүстіктің табиғаты бұрыннан барлық планетаға таза ауа беріп тұрды, бірақ бұл ресурс та бітеді", - деп түсіндірді Айтыына.

Якутиялық көріпкел табиғи өзгерістерден бөлек әскери қақтығыстар да күшейе беретінін жеткізді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 24-25 маусымында бәрі орнына келеді: бұл күні қабылданған саяси шешімдер тағдырды шешеді.

"Біз ортақ күшімізбен планетаның жағымсыз сценарийінің алдын аламыз деген кішкентай үміт бар", - дейді Айтыына.

Якут көріпкелдің сөзіне сенесіз бе?