Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды

Ресей Федерациясының Украина аумағына толық ауқымда соққы жасап, соғыс бастағына бір жыл толды. Осы өкінішті жағдайға байланысты Украина жаңа пошта маркасын шығарған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Украина соғыстың бір жылдығы қарсаңында Путин бейнеленген пошта маркасын шығарды
Фото: Azattyq Ruhy

ВВС агенттігінің жазуынша, британиялық суретгі Бэнксидің суреті әуел баста Киевтің жанындағы Бородянка қаласында Ресей соққысынан қираған үйдің бір қабырғасына салынған. Суретте Ресей президенті Владимир Путинге ұқсайтын адамның кішкентай баламен күресіп, жеңіліп жатқаны бейнеленген.

Айта кетейік, Путин дзюдо спорты түрінен қара белбеу алған және бұрыннан осы спортқа қызығушылық танытады. Бэнксидің суреті украиндар тарапынан бір жылдан бері жауға төтеп берген елдің батырлығын бейнелейді деп қабылданды.

Марка айналымға шыққан күні