Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Түркияда жер сілкінісінен 205 сағат өткен соң үйінді астынан әйел құтқарылды

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 205 сағат өткен соң үйінді астынан бір әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Anadolu-ға сілтеме жасап.

Түркияда жер сілкінісінен 205 сағат өткен соң үйінді астынан әйел құтқарылды
Фото: aa.com.tr

35 жастағы Айшегүл Байыр Оникшубат аймағында құлаған ғимараттың қирандыларының астынан шығарылды. Оған жету үшін құтқарушылар ұзындығы бес метрлік тоннель қазуға мәжбүр болған.

Аман қалған әйелге дереу медициналық көмек көрсетілді. Зембілмен жедел жәрдем көлігіне, содан кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Түрік жандармериясының (JAK) қызметкері Әли Каспак құтқарушылардың «қиранды астынан соңғы тірі адам шығарылғанша күресуге дайын» ​​екенін баса айтты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетіні белгілі болды.

Қазақстан Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

Еске салайық, аумақтарда бірқатар ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 м жететін жарық пайда болды.