Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Үйінді астында құшақтасқан күйі жан тапсырған

Мыңдаған адамның өмірін жалмаған жойқын апат кезінде жақындарынан айырылған жандар жайлы Paryz.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үйінді астында құшақтасқан күйі жан тапсырған

Америкада тұратын 35 жастағы программист Бурак Фикир жүрегіне операция жасалған әкесінің қал жағдайын білу үшін Қахраманмараш қаласына келеді. Алайда зілзала кезінде осында болған ол отбасымен бірге үйінді астында қалады. Балаларын барынша қорғап қалуға тырысқан Бурак пен әйелі Кимберли оларды құшақтаған күйі қайтыс болады. Тек қарт әкелері ғана аман. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Туыстары аман есен табылар деп 12 сағат бойы үміт үзбеген. Алайда қаралы хабар бұл отбасыны да айналып өтпеді. Өмірге енді қанат қаққан 2 жастағы Хамза мен 1 жастағы Біләл ата анасының құшағында өмірмен қош айтысты. Колумбия университетінің магистратурасын бітірген Бурак Фикир бүгінге дейін IMB және Amazon компанияларында программист болып жұмыс істеген.

Ал полиция қызметкері Ибрахим Акчаның қайғысы да барша халықтың қабырғасын қайыстырды. Зілзала кезінде Анкарада оқуда болған ол Аданада болған әйелі мен екі ұлынан айырылды. Іздестіру-құтқару нәтижесінде 6 жасар Мехмет пен 3 жасар Метехан және аналары Емине Акчаның өлі денелері табылды. Бір күнде отбасынан айырылған әкені ешкім жұбата алмады. Адана полиция бөлімшесінде жұмыс істетйін Ибрахим Акча соңғы екі айда Анкара қаласында білім алып жатқан.