Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Мұстафа Өзтүріктің қарындасы Түркиядағы зілзала кезінде қаза болды

Түркиядағы зілзала кезінде спорт саңлағы Мұстафа Өзтүріктің туыстары қаза болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Мұстафа Өзтүріктің қарындасы Түркиядағы зілзала кезінде қаза болды
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, құтқарушылар Хатай провинциясындағы Дефне ауданында қираған үйдің үйіндісінен аналы-қызды Нұрай мен Бушра Қазақтың мәйітін тапқан.

Марқұмдар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. 57 жастағы Нұрай Қазақ – Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рустам Өзтүріктің қызы. Ұзақ уақыт бойы Иорданияда тұрған ол Хатайға көшіп барған. Қызы Бушра – 31 жаста болған. 

Табиғи апаттан ажал құшқан анасы мен қызын туыстары Ыстанбұл қаласында жерлейтіндерін айтқан. 

Бұдан үш күн бұрын әлеуметтік желіде туыстары жер сілкінісі кезінде хабар-ошарсыз кеткен Нұрай мен Бушра Қазаққа іздеу салып, жазба қалдырған екен.