Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

Өкінішке қарай, ажал құшқандар саны әлі де ұлғайып жатыр. Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі мәлдардың саны 9557 адам қаза тапқан екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.імдеме жасап.

Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады
Фото: ашық дереккөз

Жарақат алғандар да 40 мыңға жуықтаған. Нақтырақ айтқанда, 38 224. Министрдің айтуынша, апат аймағы 1 мыңға жуық шақырымды қамтиды. Тап осы аймақта 13,5 миллион халық өмір сүреді. Осы уақытқа дейін 684 рет әртүрлі баллды афтершок болған. Бұл дүмпулер зақымдалған ғимараттың одан сайын күйреуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан жергілікті әкімшілік- тұрғындарды арнайы маман барып тексергенге дейін кірмеуге де жақындамауға шақырып отыр.

Төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, жер сілкінісі аймағында 50 мыңнан астам палатка құрылған. Онда зілзаладан зардап шеккен тұрғындар орналастырылмақ. Бұдан бөлек, Ыстамбұл биржасының транзакциялардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, тап қазір ел президенті Режеп Тайып Ердоған, қос зілзаланың болған Қархраманмараш провинциясына жолға шықты. Мемлекет басшысы бірінші қала орталығына барып, жағдайды өз көзімен көргеннен кейін қиранды ғимараттың ең көп шоғырланған жерлерінің бірі Пазажык ауданында барады.

«55 сағатымызды аяқтадық. 7,7 баллдан кейін біз 7,6 баллдық екінші жер сілкінісін бастан өткердік. Құтқару жұмыстары айрықша қарқынды түрде жалғасуда. Измирдегі жер сілкінісінің 110-шы сағатында үйінді астынан сәбилеріміз бен балғындарымызды алып шықтық. Мұнда да іздестіру-құтқару жұмыстарын осы мотивациямен табанды түрде жүргізіп жатырмыз», - деді Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум.

Өкінішке қарай, Хатай провинциясында екі қандасымыз үйінді астында қалып қойған. Олар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Есімдері Нұрай және Бушра Қазақ. Тап қазір қаракөздерімізге көмектесу үшін Ыстамбұлдан бір топ еріктілер шықты. Бірер сағаттан соң олар Хатай провинциясына барып, үйінді астында қалған қандастарымызды шығаруға атсалысады.