Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Моңғолияда қазақ жігіті әкім болды

Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгий аймағының Цагааннуур (Ақкөл) қалашығында дүниеге келген.

Моңғолияда қазақ жігіті әкім болды
Фото: kaznews.mn

Моңғолияда 34 жастағы этникалық қазақ Есболат Дәуітұлы Баян-Өлгий қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады paryz.kz, kaznews.mn-ге сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Есболат Дәуітұлы аталған қызметке Баян-Өлгий аймағы әкімінің өкімі бойынша және Өлгий сұмының Азаматтар өкілдері Хуралы (мәслихаты) алғашқы сессиясының келісімімен тағайындалған.

Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгий аймағының Цагааннуур (Ақкөл) қалашығында дүниеге келген.

2007 жылы Ғылым технология университетін Мұнай газ инженері мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Ғылым технология университетінен Техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Шунхлай трейдинг компаниясында менеджер болып бастаған.

2008-2009 жылдары НИК-Петровис компаниясында жанармай құю бекетінде жетекші болған.

2009-2015 жылдары Цагааннуур қалашығындағы Мемлекеттік жанармай қорында менеджер-инженер болып еңбек еткен.

2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Цагааннуур қалашығының әкімі қызметін атқарып келді.