Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түріктің гүленшілері ұсталып жатыр. Қазақтікі қайтпек?

Бұлардың арасынан Түркиядағыдай тергеуге 10-20 офицер мен 20 мың әскери қызметші алына қоймас, бірақ, билікте жүргендерінің өзі бүлікші Гүленнің "шекпенінен шыққанын" ескерсек, мынауың бей-жай қарайтын мәселе емес сияқты.

Түріктің гүленшілері ұсталып жатыр. Қазақтікі қайтпек?
фото: golosislama.com

Таяуда Түркияда 304 әскери қызметкерді тұтқындауға бұйрық берілді. Олар 2016 жылы жүзеге аспай қалған мемлекеттік төңкеріске қатысты деген күдік бар. Бұл туралы сол елдің "Анадолы" агенттігі хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Толығырақ тоқтала кетсек, қазір белгілі діни уағызшы Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген адамдарды ұстау операциясы 50-ден астам провинцияда жүргізіліп жатыр. Олардың арасында 5 подполковник пен 10 капитан бар көрінеді. Ал АҚШ-та тұратын Гүлен сол бүлікке қатысын жоққа шығарса да, онымен сыбайлас деген себеппен 80 мыңдай адам тергеліп, 150 мыңдайы мемлекеттік қызметтен аластатылған. Соның 20 мыңы әскерилер болып шықты.

Енді одан бері қарай келсек, мында біздің гүленшілер билік басында тайраңдауда. Ірі БАҚ-ты басқарып, бір-бір жоғары лауазымды иеленіп, тіпті мешіт ұстап, уағыз айтып та жүр. АҚШ-тағы бас уағызшылары түрік жеріндегі бүлікке қатысы жоқтығын айтып, өз жерлестерін "лақтырып кетіп" жатқанда, бұларды бауырым дей қоймас-ау?

Бұның арты немен тынар екен? Бастарына әлдеқандай күн туса, қазақтың гүленшілері де ертең Мұхамеджан Тазабек сияқты "ағымға адасып кіріп кетіп едім, жаздым-жаңылдым" деп, беттерін бері қарата қоя ма? Бұлардың арасынан Түркиядағыдай тергеуге 10-20 офицер мен 20 мың әскери қызметші алына қоймас, бірақ, билікте жүргендерінің өзі бүлікші Гүленнің "шекпенінен шыққанын" ескерсек, мынауың бейжай қарайтын мәселе емес сияқты.