Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Украинаның ІІМ басшысы мен орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

Киев маңындағы Бровары қаласында ТЖМ тікұшағы балабақша аумағына құлаған кезде Украина ІІМ жоғарғы басшылығын қосқанда, 16 адам қаза тапты. Бұл туралы полиция басшысы Игорь Клименко мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Украинаның ІІМ басшысы мен орынбасары тікұшақ апатынан қаза тапты

«Бүгін таңертең, 18 қаңтарда, қастарда ТЖМ тікұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ апатынан ІІМ басшылығы қаза тапты: министр (Денис Монастырский), министрдің бірінші орынбасары (Евгений Ибн) және Мемлекеттік хатшы (Юрий Лубкович)», – деді И. Клименко.

Оның айтуынша, барлығы 16 адам қайтыс болғаны белгілі, оның ішінде екі бала бар. Көз жұмғандардың тоғызы тікұшақ бортында болған.

«Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада, оның 10 – бала. Оқиға орнында  барлық мамандандырылған қызмет жұмыс істеп жатыр.  Оқиға орнын тексеру жалғасуда», - деді Клименко.