Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ресейлік кеме Оңтүстік Африкаға жасырын түрде оқ-дәрілер жеткізген

Иесі Кремльге қару-жарақ тасымалдаған ресейлік Lady R кемесі желтоқсан айында транспондерді ажыратып, Оңтүстік Африканың ең ірі теңіз базасына жасырын тоқтап, беймәлім жүктерді жеткізген. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейлік кеме Оңтүстік Африкаға жасырын түрде оқ-дәрілер жеткізген
фото: weaponews.com

Оңтүстік Африка кеменің не тасымалдағанын және оған  Саймонстаун әскери-теңіз базасында не тиелгенін айтудан бас тартты.

Елдің қорғаныс министрі АҚШ-тың алаңдаушылығын сейілтуге асықпады.

Ресейлік компанияға тиесілі Lady R кемесінің сапары Вашингтон мен Претория арасындағы қарым-қатынасты шиеленістірді. Бұл сонымен қатар АҚШ пен оның одақтастары үшін Мәскеуге қарсы санкцияларды орындаудағы қиындықтарды көрсетеді, деп атап өтті басылым.

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, Вашингтон Оңтүстік Африка Қарулы күштерінің Lady R кемесіне көрсеткен қолдауына, соның ішінде оған теңіз базасына кіруге және жүктерді жылжытуға рұқсат беруіне алаңдаулы.

Екі түн ішінде жылжымалы кран қарулы күзеттің бақылауымен 122 метрлік кемеден жәшіктерді түсірген.

Оңтүстік Африканың оппозициялық Демократиялық альянсының депутаты Кобус Марэнің сөзінше, Lady R  Ресейден оқ-дәрілер жеткізген, бірақ олар әдетте коммерциялық порттар арқылы әкелінеді.

Айта кетейік, АҚШ 8 мамырда Lady R-ге қарсы санкциялар енгізген.