Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Өзбекстандағы хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасап өлтірді

Андижан хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Өзбекстандағы хайуанаттар бағында аю қызметкерге шабуыл жасап өлтірді
фото: Stan.kz

Stan.kz хабарлауынша оқиға 3 қаңтарда сағат 16:00-де болды. Хайуанаттар бағының қызметкері оны тамақтандыру үшін аюдың қоршауына кірді. Жануар оған секіріп, мойнын тістеп алды. Ауыр жарақаттардан ер адам сол жерде мерт болды.

"Қожаабад ауданының ІІБ тергеу бөлімі тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Өзбекстанның Андижан облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Аю шабуылының себептері туралы айтылмайды.

2018 жылдың желтоқсанында сол хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуылдаған.