Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"20 жылға сотталды": Жерлеу үйінің иесі марқұмдардың дене мүшелерін бөлшектеп, донорлыққа сатқан

АҚШ-та Колорадодағы жерлеу үйінің бұрынғы иесі Меган Хесс марқұмдардың дене бөліктерін заңсыз сатқаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жерлеу үйінен бөлек, Donor Services донор орталығын ашқан, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап.

"20 жылға сотталды": Жерлеу үйінің иесі марқұмдардың дене мүшелерін бөлшектеп, донорлыққа сатқан
фото: Stan.kz

Stan.кz хабарлауынша 46 жастағы Меган Хесс пен оның 69 жастағы анасы Ширли Кох өздерінің Donor Services донорлық орталықтары арқылы марқұмдардың туыстарының рұқсатынсыз Өлілер бюросында қаза тапқан адамдардың дене бөліктерін сатқан. Анықталғандай олар 560 мәйітпен осылай айналысқан.

Олардың қылмыстары 2016-2018 жылдары Reuters агенттігінің АҚШ-та адамдардың дене мүшелерін сатуға қатысты тергеуінің арқасында әшкереленген.

АҚШ-та трансплантация үшін органдарды сатуға заңмен тыйым салынған. Оларды тек донорлыққа беруге болады. Бірақ дене бөліктерін ғылыми және зерттеу мақсатында сату федералды заңмен реттелмейді.

Меган Хесс басқаратын Sunset Mesa жерлеу үйінің ("Кешкі месса") бұрынғы қызметкерлері де әйелдердің мәйіттерді туыстарының рұқсатынсыз бөлшектегенін растады. 2018 жылы осыған қатысты тергеу жарияланғаннан кейін рейд жүргізілді.

"Хесс пен Кох жерлеу үйін негізінде донорлыққа дене мүшелерін бөлшектеп ұрлау үшін пайдаланған. Олардың бұл қылмыстары марқұмдардың туыстарына жан түршігерлік эмоционалды азап әкелді", - деді прокурор Тим Нефф сотта.

Мұнымен қоймай Хесс қайтыс болған адамдардың туыстарынан кремация үшін 1000 долларға дейін алған. Кейбір клиенттері үшін Хесс денені әкелгені үшін кремацияны тегін ұсынған. Туыстары түрлі мәйіттердің күлдерімен араласқан қалдықтарды қоқыс жәшіктерінен тапты. Прокурорлардың мәліметінше, Меган Хесстің әрекетінен 200-ден астам отбасы зардап шеккен. Ал одан дене бөліктерін сатып алған хирургтар мен өзге де мекемелер, ұйымдар оның қылмысы туралы білмеген.

Сотта Ширли Кох кінәсін мойындап, жауапкершілікті көтеруге дайын екенін айтты. Ол алаяқтық жасағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Меган Хесс 20 жылға сотталды. Бұл заңмен рұқсат етілген ең жоғары мерзім. Сот отырысы барысында Хесстің адвокаты әйелдің қылмысы 18 жасында алған бас-ми жарақатымен байланысты екенін, сондықтан оны "құбыжық" деп атау әділетсіздік екенін айтты.