Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Грузияда жаңа жылдан бастап көлік қымбаттайды

Сарапшылар Грузияда жаңа жылдан кейін көлік 10-15%-ға қымбаттайды деп болжап отыр. Өйткені қазір темір тұлпар экспортынан түсетін табыс айтарлықтай ұлғайған, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Грузияда жаңа жылдан бастап көлік қымбаттайды
Фото: varta.ua

Мұнда АҚШ, Канада мен Жапониядан жаңа және пайдаланылған темір тұлпарлар жеткізіледі. 

“Биыл жергілікті нарықта көлік 30-40% қымбаттады. Өндіруші елдерде, яғни АҚШ пен Канадада ДА олардың бағасы өскен. Өйткені пандемияға байланысты жаңа темір тұлпардардың өндірісі қысқарды. Бөлшектер тапшылығы туындады. Логистикалық қиындақтыр тағы бар. Сол себепті көлікті жеткізуге кететін уақыт ұзарды. Ол 4-5 айға дейін созылып кетеді. Мұның бәрі шығындардың артуына әкеп соқтырады”, – деді  Грузия көлік импорттаушылары қауымдастығының негізін қалаушы Лаша Дарбаисели.

Қиындықтарға қарамастан Грузиядан көлік әкелу әлі де дамып келеді. Мысалы, қазақстандықтар 2022 жылдың 11 айында әкелген көліктер саны өткен жылмен салыстырған үш есе көп. Көлік дилерлерінің көбеюі бәсекенің артуы бағаның тұрақтануына алып келеді дейді. 

"Грузияның географиялық орналасуы оған атокөлік хабына айналуға жол ашып отыр, бұл жерден көліктер Әзірбайжанға, Арменияға, Қазақстан мен Қырғызстанға жіберіледі. Көлік реэкспорты Украинадағы соғыстан кейін көбейген. Көліктер енді қымбаттайды деп топшылап отырмыз. Егер автодилерлер саны өссе, бәсеке де артады. Бұл бағаны ұстап тұруға көмектеседі деп ойлаймыз", – деді автоимпорт компаниясының директоры Гурам Ростиашвили. 

Грузия автонарығындағы баға әлемдік тенденцияларға байланысты. Әзірге келер жылы көлік құны 10-15%-ға өседі деп болжанып отыр.