Рождество мерекесі күндері АҚШ-тың басым бөлігінде соққан қарлы боран салдарынан Нью-Йорк штатының батысында кемінде 27, ал елде кем дегенде 57 адам қаза тапты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Адамдардың көбі Нью-Йорктегі Буффало қаласында қайтыс болды. Онда ауа райының қолайсыздығынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды UPI.
26 желтоқсанда АҚШ-тың 150 мыңға жуық адамы жарықсыз қалды. Ақаудың көбі Вашингтон штатында тіркелді.
FlightAware мәліметінше, АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан Канадаға жеткен дауылдың жалғасып жатқан салдары 8160-тан астам рейстің кешігуіне және 4000-ға жуық рейстің тоқтатылуына әкелді.
АҚШ-тың 12 штатында ауа райының қолайсыздығы туралы ескертулер күшіне енді. Ұлттық метеорологиялық қызмет бұл тарихтағы ауқымды суық ауа райының бірінші рет басталуы екенін айтты. Қысқы боран елдің барлық аумағын қамтыды.
Бұған дейін бораннан 50-ге жуық адам қаза тапқаны хабарланған еді.