Бұл туралы Paryz.kz ақпараттық агенттігі Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қаза тапқандардың көбі қар тазалау кезінде шатырдан құлап немесе қалың қардың астына көмілген, деп хабарлады табиғи апатпен күрес қызметтерінің өкілдері.
Жапонияның солтүстік-шығысындағы көптеген аудандарда жауын-шашын маусымдық нормадан орташа есеппен алғанда үш есе көп жауған. Хоккайдо аралында электр бағанасы құлап, салдарынан 20 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар елдің солтүстігінде ондаған пойыздар мен рейстер кейінге қалдырылған.