Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

АҚШ-та Pfizer екпесін сынауға қатысқан 6 адам қайтыс болды

Соған қарамастан, бұл вакцина қауіпсіз деп танылып отыр.

АҚШ-та Pfizer екпесін сынауға қатысқан 6 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз

Pfizer вакцинасын тексеруге тіркелген 43 448 қатысушының алтауы қайтыс болды (0,01%). Бұл туралы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының есебінде айтылған, деп хабарлады paryz.kz.

Олар есепті кезең ішінде, 2020 жылғы 29 сәуір мен 14 қараша аралығында, сынақ уақытында қайтыс болған. Марқұмның екеуі нақты вакцина алды, төртеуіне плацебо қойылды.

Вакцина алған екі адам 55 жастан асқан. Олардың біреуі екінші екпеден 62 күн өткенде жүрегі тоқтап, қаза тапты. Екіншісі алғашқы инъекциядан үш күн өткен соң атеросклероздан қайтыс болды.

Плацебо қабылдаушылар миокард инфарктісінен, геморрагиялық инсульттан немесе белгісіз себептерден қайтыс болды. Төрт өлімнің үшеуі үлкен топта тіркелді (55 жастан асқан).

Еске сала кетсек, FDA бұған дейін Pfizer және BioNTech вакциналарының тиімділігін растады. Құжаттарда вакцина қауіпсіз және оны шұғыл пайдалануға ешқандай кедергі жоқ деп жазылған.