Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Аргентина халқы чемпиондарын зор қошеметпен күтіп алды (ВИДЕО)

Аргентина қаһармандарын қарсы алып жатыр. Жексенбі күні Францияны жеңген ұлттық құрама бүгін Қатардан футболдан әлем чемпионатының алтын жүлдесімен оралды, деп хабарлайды paryz.kz ақапарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аргентина халқы чемпиондарын зор қошеметпен күтіп алды (ВИДЕО)
Фото: inform. kz

Мемлекеттік әуе компаниясының ұшағы Буэнос-Айреске сейсенбі таңертең қонды.

Әуежайда жанкүйерлер жиналды. Негізгі құрмет көрсету салтанаты Аргентина астанасының орталығындағы ескерткіш маңында түстен кейін өтеді.

Аргентина үкіметі бүкіл халық салтанатты жиынға қатысуы үшін сейсенбі күнін демалыс деп жариялады.

Аты аңызға айналған Лео Месси бастаған әлем чемпиондары Аргентина футбол қауымдастығының орталығынан қала ортасындағы ескерткішке жол тартты.

Альбиселесте әлем чемпионы титулын үшінші рет жеңіп алды. Соңғы рет олар 1986 жылы Мексикада жеңімпаз атанған еді.

Еске салайық, Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Франция құрамалары алтын жүлдені сарапқа салып, ойын Аргентинаның жеңісімен аяқталған еді.

Аргентина капитаны Лионель Месси Қатарда өткен әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды.