Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Моңғолияның бұрынғы президентінің елден қашып кеткені расталды - БАҚ

Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға елдегі көмір ұрлығына қатысты тексеріске ілікті. Бірақ, елдің Экономика министрі ресми растағандай, ол елден қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып. 

Моңғолияның бұрынғы президентінің елден қашып кеткені расталды - БАҚ
Фото: ашық дереккөз

Моңғолияның экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасына Баттулғаның елден шығып кеткенін растаған. 

«18 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00-де шекараны кесіп өткені рас» деп жазған Хурельбаатар. Кейбір дереккөз Баттулға денсаулығына байланысты Кореяға емделуге кеткенін жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға елдегі көмір ұрлығына қатысы бар деген мәлімдеме жасаған еді.