Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Үндістанда тарап жатқан екінші пандемия ма?

Мемлекеттік аурухана медициналық қызметкерінің айтуынша, науқастар, әсіресе, балалардың жүрегі айныған. Біреуінің сіңірі тартылып қалған. 

Үндістанда тарап жатқан екінші пандемия ма?
Фото: ашық деркккөз

Үндістанның Элуру қаласында 300-ге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды, деп хабарлады paryz.kz, oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің сөзінше, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан. 

Мемлекеттік аурухана медициналық қызметкерінің айтуынша, науқастар, әсіресе, балалардың жүрегі айныған. Біреуінің сіңірі тартылып қалған. 

Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны - 300. 

Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады. Штаттың Денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.