Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бұрынғы премьер-министр 5 жылға сотталды

12 желтоқсанда Мәскеуде Дағыстанның бұрынғы премьері Мұхтар Меджидов Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне арнайы жүйені жеткізілім жасау барысында алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұрынғы премьер-министр 5 жылға сотталды
Фото: stan.kz

"Сот Меджидовке жалпы режимдегі бес жылдық колония түрінде жаза тағайындады", - деді сот.

Сонымен қатар, Меджидовке 900 мың рубль айыппұл салынып, 2,5 жыл меморгандарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Үйқамақта болған Меджидов сот залында қамауға алынды. Айта кетейік, бұл іс бойынша тағы бір айыпталушы бар.

Айыптаушы тарап 2012 жылы сотталушылар Қорғаныс министрлігімен қону радиолокациялық жүйелерін жеткізуге келісімшарт жасасып, 108 миллион рубль аванс алғанын дәлелдеген. Алайда ведомство ешқашан жүйені алмаған. Айыптаушы тараптың айтуынша, айыпталушылар бастапқыда зауыт келісімшартты техникалық тұрғыдан орындай алмайтынын білген.

Айыптаушы тарап Меджидов келісімшарт жасасуға жауапты Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерімен жеке таныс болды, олардың сенімін асыра пайдаланды және зауыттың мүдделерін қорғады деп санайды.

Айта кетейік, жақында Меджидовтің ұлы Муртузали да сотталған болатын. Ол қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп танылып, 13 жылға қамауға алынған. Желтоқсанның басында Мәскеу қалалық соты үкімді бекітті.