Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ер адам қылыш жұтып, өкпесінің бір бөлігінен айырылған

АҚШ-тың кәсіпқой семсер жұтушысы Скотт Нельсон абайсызда асқазанына қылыш сұғып, бауырын қатты зақымдап, өкпесінің бір бөлігін алып тастауына тура келді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам қылыш жұтып, өкпесінің бір бөлігінен айырылған
фото: Stan.kz

59 жастағы факир АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Six Flags of America саябағындағы шоуда өнер көрсеткен. Сол кезде оның ішін өзі жұтқан бес қылыш тесіп өткен. Көмекке келген дәрігерлер атақты сиқыршының асқазанындағы қылыштарды алып, терең жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер Нельсонға операция жасап, нәтижесінде өкпенің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған.

Ер адамның ауруханада жатқанына бір айдан астам уақыт өткен. Ол әлі күнге дейін қатты тағамдарды жей алмайды. Нельсонның емделуіне ақы төлеу үшін GoFundMe краудфандинг платформасында қаражат жинау парағы жасалды.

Ал Нельсон, өз кезегінде, жағдайының жақсарғанын жеткізді.

«Жақсы жаңалық – мен темекіні тастадым және 22 келіден артық салмақ тастадым», — деді ол.

Нельсон аты аңызға айналған факир деген атаққа дәл бір уақытта бірнеше қылыш жұту арқылы ие болды.