Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Иранда хиджаб кимеген әйелдердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін

Иран билігі хиджаб кимейтін ирандық әйелдердің банктік есепшоттарын бұғаттай бастауы мүмкін, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости Donya-ye Eqtesad басылымына сілтеме жасап.

Иранда хиджаб кимеген әйелдердің банк шоттары бұғатталуы мүмкін
фото: nypost.com

"Хиджаб кимейтіндерге алдымен смс хабарлама арқылы ескерту жіберіледі. Смс хабарламадан кейін ескерту кезеңі бар, содан кейін үшінші кезеңде хиджаб кимеген адамның банктік шоты бұғатталуы мүмкін", - дейді Иран парламентінің мәдениет комитетінің мүшесі Хосейн Джалали.

Сондай-ақ Джалали елдегі тәртіпсіздіктердің күшеюі мен бұзақылар және хиджаб кимейтін әйелдер санының артуы арасындағы тікелей байланысты атап өтті.

Оның сөзінше, толқулар тоқтаса, екі фактор бойынша да көрсеткіштер төмендейді.

Джалалидің айтуынша, бір-екі аптадан кейін тәртіпсіздіктер аяқталып, "ирандық әйелдердің жүзіне орамала қайта көрік бере бастайды".