Украинаның әуе қорғанысы күштері бүгін Ресейдің 60-тан аса ракетасын аспаннан атып түсірді. Бұл туралы "Украинская правда" хабарлады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Inbusiness.kz - ке сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні Ресейдің армиясы украин жеріне қарай 70-тен аса зымыран жіберген. Украин жауынгерлері солардың 60-тан астамын атып құлатқан.
Барлығы 70-ден аса ракета ұшырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Х-101/Х-555 типті 38 қанатты ракета Каспий теңізі ауданы мен Ростов облысының Волгодонск жерінен стратегиялық авиацияның сегіз Ту-95мс ұшағы арқылы ұшырылған. Сондай-ақ Қара теңіз флотының кемесінен "Калибр" типті 22 қанатты ракета жөнелтілген.
Бұдан басқа, Қара теңіз акваториясынан Ту-22м3 алысқа ұшатын бомбардировщиктері үш Х-22 қанатты ракетасымен, сондай-ақ Су-35 истребительдері арқылы қолдан басқарылатын алты Х-59 авиациялық ракетасымен және бір Х-31П ракетасымен атқылаған.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы оккупанттардың барлығы 60-тан аса ракетасының нысанасына жетпей атып түсірілгенін мәлімдеді.