Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қамаудағы Гүлнара Кәрімова Швейцария сотында жеңіске жетті

Бірқатар компания құрды деген айыппен қылмыстық іс қаралып жатқандығы айтылған.

Қамаудағы Гүлнара Кәрімова Швейцария сотында жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Кәрімова Швейцариядағы сотта жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz, Bloomberg-ке сілтеме жасап.  

Сот шешімімен Кәрімованың мұздатылған 350 миллион доллар активі қайтарылатын болды. Федералды апелляциялық сот оның Takilant Ltd компаниясының заңды бенефициары екендігі туралы өтінішін қабылдаған. Компанияның қаражаты бұған дейін Швейцария банкінде қылмыстық іс аясында тоқтатылған болатын.

Басылымда Гүлнара Кәрімоваға қатысты құжаттарды қолдан жасады, ақша жымқырды және сол ақшаны иемдену фактісін жасыру мақсатында бірқатар компания құрды деген айыппен қылмыстық іс қаралып жатқандығы айтылған.

"Бұл Гүлнара Кәрімова үшін маңызды жеңіс. Өйткені федералды прокуратура оның активтерін тәркілеуге тырысты", - деді оның адвокаты Грегуар Манжа.

Айта кетсек, наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты марқұм президенттің қызын ақша жымқыру және бопсалау бабымен кінәлі деп тауып, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ал қазан айында колонияда жазасын өтеп жатқан Гүлнара Кәрімованың қызы анасының денсаулығы нашар екенін мәлімдеді. Алайда кейінірек бұл ақпаратты Өзбекстан ІІМ теріске шығарды.