Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония Солтүстік Кореяның қару-жарақ бағдарламасына қатысы бар шенеуніктеріне санкция салды, - деп хабарлайды Tengrinews АҚШ Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялар енгізді
Фото: tengrinews.kz

АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде санкцияға ілінген адамдар қатарында Джон Иль Хо, Ю Джин және Ким Су Гиль бар. Бұларға сәуірде Еуропалық Одақ санкциялар салған болатын. Олар Солтүстік Кореяның әскери өнеркәсіп департаментінің вице-директоры және директоры болып жұмыс істейді.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі басқа жеті адамға, соның ішінде Сингапур мен Тайваньға, сондай-ақ сегіз ұйымға санкциялар жариялады.

Жапонияның Сыртқы істер министрлігі үш ұйымға және бірнеше жеке тұлғаға, соның ішінде кибершабуылдарға күдікті Лазарус тобына жаңа санкциялар салғанын мәлімдеді.