Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Пандемия кезінде саяхаттауға ең қауіпсіз елдер аталды

Бұған дейін International SOS мамандары 2021 жылы Ливия, Сирия және Ауғанстанды саяхаттауға ең қауіпті мемлекеттер деп есептеген еді... 

Пандемия кезінде саяхаттауға ең қауіпсіз елдер аталды
Фото: ашық дереккөз

Туристер үшін ең қауіпсіз елдер тізімінде Исландия, Дания, Норвегия және Финляндия бар, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап

Жаңартылған Travel Risk Map картасын жариялаған International SOS медициналық және туристік ұйымының мамандары осындай қорытындыға келді.

Сарапшылар кейіннен Швейцария, Словения және Люксембургті де тізімге қосқан.

Зерттеуде айтылғандай, Ұлыбритания, Канада, Австралия және АҚШ сияқты елдерді қауіпті мемлекеттерге жатқызды. Сонымен қатар, Ресей орташа тәуекел деңгейі бар мемлекетке жатқызылды.

Сарапшылар мемлекеттерді саяси тұрақсыздық (терроризм, митингілер, тәртіпсіздіктер мен соғыстар ықтималдығы), әлеуметтік толқулар (діни, қауымдық және этникалық зорлық-зомбылықты қоса алғанда), зорлық-зомбылық пен ұсақ бұзақылықтың саны тұрғысынан да бағалады.

Сондай-ақ рейтингте көлік инфрақұрылымының сенімділігі, қауіпсіздік қызметтері, шұғыл қызметтердің тиімділігі және аумақтардың табиғи апаттарға осалдығы ескерілді.

Бұған дейін International SOS мамандары 2021 жылы Ливия, Сирия және Ауғанстанды саяхаттауға ең қауіпті мемлекеттер деп есептеген еді. Ал Йемен, Мали, Сомали, Оңтүстік Судан және Орталық Африка Республикасы, Мысыр, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы, Украина, Пәкістан және Ирактың кейбір бөліктері "төтенше" қауіп-қатерлі елдерге айналды.