Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Украинадан кейінгі Ресейдің нысанасы Қазақстан болады» - ресейлік сарапшы

Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі келесі проблема" деп атады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Украинадан кейінгі Ресейдің нысанасы Қазақстан болады» - ресейлік сарапшы
Фото: видеодан скриншот

Бағдарлама қонақтарының бірі "Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болады" деп мәлімдеді.

"Онда да Украинадағыдай "ұлтшылдық процестер" басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің "Росатом" үшін ядролық отын да сонда", — деді ол.

Тиісті үзіндіні Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Telegram арнасында жариялады.

"Назар аудар, Қазақстан! Олар сендерді келесісіңдер дейді", – деп жазды ол.