Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Украинада "Тұран" түркі батальоны құрылды

Украинада "Тұран" түркі батальоны құрылды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Strana.ua сайтына сілтеме жасап.

Украинада "Тұран" түркі батальоны құрылды
Фото: видеодан скриншот

Батальон командирі 24 ақпаннан бастап Украинада соғысып жатқан Қырғызстан азаматы Алмаз Құдабек Оғлы болды.

Батальон мүшелері бейнехабарлама жазды.

"Арнайы операция" деген атпен Путин түркі тілдес халықтардың геноцидін ұйымдастырды. Рамзан Қадыров Исламды жамылып, жиһад жариялайды. Ислам біз үшін қасиетті және біздің әулиемізбен ойнаудың қажеті жоқ. Біз Кадыровтың осы шайтан режимін, Путиннің империялық режимін жоямыз. Сізді іштен де, сырттан да қорқытамыз", – деді Құдабек Оғлы.

Кадрларда Әзірбайжан туы бар сарбаз бар.