Баку телеарнасының ауа райын жүргізушісі Иранның Тебризіндегі ауа райы жайлы айтып тұрып, басына киіп тұрған орамалын шешіп тастаған. Жүргізушінің бұл әрекетін Ирандағы толқуларды қолдайды деген мақсатта талдап-талқылап жатыр.
Тегеран бұл әрекетті ішкі іске араласу деп бағалап үлгерген.
Айта кету керек, бұған дейін Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін ел ішінде үлкен толқулар мен қарсылық басталған болатын.