Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Францияның экс-президенті коронавирустан көз жұмды

Дәрігерлер оны COVID-19 жұқтырмады деп мәлімдеген...

Францияның экс-президенті коронавирустан көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Францияның экс-президенті Валери Жискар д’Эстен коронавирустың асқынуынан қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, “Europe 1”-ге сілтеме жасап.

Францияны 1974-1981 жылдар аралығында басқарған 94 жастағы саясаткердің қайтыс болғанын отбасы мүшелері жариялады. Жорж Помпиду бірінші рет үш ай бұрын, яғни қыркүйекте, өзінің Париждегі ауруханасына өкпенің қатты қабынуымен жатқызылған. Бірақ дәрігерлер оны COVID-19 жұқтырмады деп мәлімдеген.

Екінші рет қарашаның ортасында коронавирус жұқтырып, қайтадан ауруханаға түседі. Сол кезде дәрігерлер экс-президентке жүрек-қан тамырының ауруы диагнозын қояды. Содан бірнеше күн өткен соң көз жұмғаны белгілі болды.